Қалада жылыту маусымы басталды
Қалада жылыту маусымы басталды. 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандардың 95 пайызы жылуға қосылды. Бұл - мектептер, балабақшалар, интернаттар және медициналық мекемелер. Қазір коммуналдық қызметтер жылу жүйелерін кезегімен іске қосып жатыр. "Ақтөбе су энерджи" АҚ жүйелерді жылумен толтыруда. Әлеуметтік нысандарды жылу желісіне қосу кезінде де қажетті көмек көрсетіліп жатыр, дейді мекеменің баспасөз қызметі. Кейбір ұйымдарда ішкі жылыту жүйелерін реттеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындардың айтуынша, пәтерлерге жылу көбіне қазан айының алғашқы жартысында беріледі. Биыл да көпқабатты үйлерге жылу 10 қазаннан бастап беру жоспарланған. Әзірге күн райы жылы. Сондықтан тұрғындар жаурай қоймаған. Ақтөбе су энерджи мекемесі жылыту маусымына дайындық барысында қазандықтар мен жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын түбегейлі жүргізді. Желідегі қысым тексеріліп, ақау жойылды. Бірнеше аудандағы құбыр тазаланды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы 3-5 қазан аралығында ауа температурасы төмендейді. Қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Қазан айының екінші онкүндігі жылы болады.Количество показов: 8
Дата создания: 03.10.2026 14:50:13



















