Бүгінгі таң қоғамдық көліктерде айқай-шумен басталды. Кондукторлар зейнеткерлер мен студенттерден жолақысын сұрай бастады. 1,2 топтағы мүгедектігі бар зағип жандар мен ҰОС ардагерлерінен басқалары бұдан былай автобуста жол ақысын төлейді. Жеңілдік жоқ. Қалалық мәслихаттың бұл шешіміне әсіресе зейнеткерлер қарсы. Кондукторлар ашуға мінген ақсақалдарды сабырға шақырып әлек. Енді студенттер мен зейнеткерлерге ешқандай өтемақы төленбейді. Тек 4 және одан көп жасөспірім баласы бар аналар мен ең төменгі зейнетақы алатындар, аз қамтылған отбасы, ҰОС ардагерлері секілді барлығы 12 санаттағы ақтөбеліктер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1 реттік жәрдемақы алады.
Облысымызда тегін жүру құқығына ие 106 ҰОС ардагері бар. Сондай-ақ қоғамдық көлікте ақшасын жеп қалу, көз бояушылық секілді келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында "Автопарк" ЖШС-гі көзі көрмейтін 1,2 топтағы мүгедектерден автобустарда ақы алмайды. Бірақ, кондукторлар әдепсіздік таныта бастаған. "Автопарк" ЖШС былтырдан бері халықтың 40 пайызын тегін тасып келген. Бірталай шығынға баттық деп отыр. Бережақтарынан біржола құтылу үшін жол ақысын да 70-75 теңгеге өсіруді қалайды. Қалалық әкімдікке осы айда бағаны өсіру жөнінде өтініш те беріп қойған.
Количество показов: 2025
Дата создания: 18.04.2016 18:23:33
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>