Қаламыздағы Құрманалин көшесінің тұрғындары жолсыздыққа шағымданды
Бұл-қала орталығындағы Сабыр Құрбаналин көшесі. Жаңбыр жауған сайын жиналатын шалшық пен батпақ, тұрғындар үшін үйреншікті көрініске айналған. Көшені басқан су жергілікті тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына кедергі келтіріп отыр. Тұрғындардың сөзінше, таңғы сағат бестен бастап арнайы техника шақырылған. Алайда түске дейін ешқандай көмек келмеген. Халық бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқанын айтады. Былтыр жауапты мекемелерге жазбаша арыз да жолданған. Алайда уәде көп, нәтиже жоқ деп ағынан жарылды тұрғындар. Әсіресе көктем мезгілінде жағдай күрделене түседі. Қар еріген кезде су мөлшері көбейіп, кейбір үйлердің ауласына дейін жетеді екен. Тұрғындарды алаңдататын тағы бір мәселе көше жарығының жоқтығы. Олардың айтуынша, түнгі уақытта қараңғылық салдарынан жүру қауіпті. Сонымен қатар, қала орталығында орналасқан көшенің әлі күнге дейін асфальтталмағанына да наразы. Тұрғындар жауапты тұлғалар мәселені кабинеттен емес, осы жерге келіп көрсе дейді. Себебі бұл келеңсіздік жылдар бойы жалғасып келеді. Жаңбыр жауса су кешіп өтеміз. Оны келіп сорғызатын мекеме де уақытында келіп болмайды. Қаншама бала мен қарттар тұрады,- деп налиды тұрғындар.Количество показов: 11
Дата создания: 04.06.2026 06:46:37



















