Қалада мұғалімдер күніне арналған "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік іс-шара өтті
Өнер орталығына бүгін ұстаздар қауымы көп жиналды. Мерекелік шараға қала мен облыс аудандарынан келген педагогтер, білім беру ұйымдарының өкілдері, арнайы және облыстық білім беру мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру саласының мамандары қатысты. Ұстаздар қауымын облыс әкімі Асхат Шахаров құттықтады. Салтанатты жиын барысында білім беру саласының дамуына үлес қосқан бірқатар педагогтар марапатталды.Мейрамгүл Нұрбаева білім саласының дамуына үлес қосып жүрген білікті ұстаз. Қазіргі таңда Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп лицей интернатында мұғалімдік қызмет атқарады. Бүгінде 30 жыл өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған білікті маман. Бұл жолға бала арманым жетелеп әкелді дейді ұстаз. Үздіктерге ведомстволық және өңірлік наградалар табысталды. Олардың қатарында Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль иегерлері мен Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатына ие болған ұстаздар да бар. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, ұстаздарға арналған әндер мен шығармашылық қойылымдар ұсынылды.
Количество показов: 14
Дата создания: 06.10.2026 08:58:34



















