Жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті
Ұлттық құндылық - ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани мұра. Осы тақырыпта жастар ресуртық орталығы "Жастарға кеңес" жобасы аясында кездесу ұйымдастырды. Жиын Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлық, салт-дәстүрді құрметтеу және жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, заң мен тәртіп секілді қоғамдағы ауқымды мәселелер туралы сөз қозғалды. Түрлі сала мамандары қатысушыларға рухани патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндірді. Кездесу барысында жастар өз ойларын ортаға салып спикерлерге өз сұрақтарын қойды. Сондай ақ ұлттық мұраға деген қызығушылықты арттыру және оны кейінгі буынға жеткізу жолдары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар облыстық жастар ресурстық орталығы елімізде жастарға арналған қандай мүмкіндіктер қарастырылғаны туралы ақпарат берді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер алдағы уақыттада өз жалғасып табатынын айтады.Количество показов: 10
Дата создания: 24.09.2026 09:40:54



















