«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты осымен екінші рет жүзеге асырылып отыр. Жоба аясында 14-35 жас аралығындағы жастардың бастамасына қайтарымсыз грант беріледі. Олар ғылым, мәдениет, бизнес, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік бағыттары бойынша. Жалпы конкурсқа 450-ден астам өтініш келіп түскен. Оның ішінен іріктелгендерінің арасында 20 ғана грант ұтып отыр. Жобаның ерекшелігіне, ұлттық құндылықты насихаттайтын, қоғамға пайда әкелетін, заманауи жобаларға аса мән берілген,- дейді ұйымдастырушылар. Бақыт Теңелбайқызы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеттің оқытушысы, еңбек өтілі 7 жыл. Ол қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне бей жай қарамайтынын айтады. Әсіресе, бойжеткенді қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың ажырасуының жиілегені алаңдатады. Бақыт өзінің қаражатын ажырасудың алдын алатын әдістемелік құралдар дайындауға ниетті. Оны кейін оқу орындарындағы жастарға таратпақ. Ал облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Тәттігүл Жақсыбайқызының айтуынша, дәл осы конкурс әділ болды. Себебі бұл жобаларды жасанды интеллект ұсынды,- дейді. Жұмыстарда адамның аты-жөні жазылмады, тек сандық номерлер ғана көрсетілді. Яғни комиссия мүшелері жұмыстарды таңдаған кезде, оның кім жасағанынан бейхабар болған. Грант иегерлеріне шара барысында 1миллион 300 мың теңге сертификаты табысталды. Бұл қаражатпен олар өздерінің жаңа бастамасын домалатуға мүмкіндік алмақ. Жоба - белсенді, шығармашыл жастардың жаңа идеялары мен бастамаларын іске асыруға жағдай жасау. Сондықтан бұл жоба әрі қарай жалғасын таба бермек.Количество показов: 5
Дата создания: 06.03.2026 07:09:52



















