Шаһарда зағип және нашар көретін балаларға арналған ерекше шара өтті
Өткізілген шарада көру қабілеті зақымданған балалар саз балшықтан қиялындағы бұйымдарды жасап шығарды. Қыш-құмыра орталығының мамандары оларға сазбен жұмыс істеудің тәсілдерін көрсетті. Мамандар сазбен жұмыс істеу балалардың тактильді қабылдау қабілетін дамытып, саусақ моторикасын жетілдіретінін айтады. Сонымен қатар зейінін шоғырландырып, шығармашылық ойлауына мүмкіндік береді. Балалар өз қолдарымен жасаған жұмыстарын таныстырып, алған әсерлерімен бөлісті. "Тактильді композиция" шарасын Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ұйымдастырды. Айлықтың негізгі мақсаты көру қабілеті бұзылған азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне қоғамның назарын аударту. Айта кетейік, Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 1969 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде кітапханаға 2 мыңға жуық оқырман келеді. Кітапханада брайль қарпіндегі басылымдар да кездеседі.Количество показов: 14
Дата создания: 23.09.2026 09:20:41



















