Өңірде еліміздің әр өңірінен жиналған жас ұландар әскери-спорттық ойында бақ сынауда
Өңірге "Жас ұлан" әскери-спорттық ойынының республикалық шешуші сайысына қатысуға еліміздің әр аймағынан 180 оқушы келген. Олар саптық ойындар мен әскери сынақтар бойынша қабілеттерін ортаға салып, өзара сайысады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан іріктелген үздік командалар екі күн бойы бақ сынайды. Әр команда құрамында 9 оқушыдан бар. Жарыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар саптық дайындықтарын көрсетіп, әскери ән орындайды. Одан кейін кермеге тартылу, денені көтеру секілді дене шынықтыру жаттығуларынан өтеді. Бұдан бөлек, оқушылар тарихи-ізденіс жобаларын қорғайды. Ал әскери дайындық кезеңінде АК-74 автоматын бөлшектеп, қайта жинап, әскери-кросс қашықтығын бағындырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты - жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейтіп, тәртіп, төзімділік және командалық рухты қалыптастыру. Екі күндік сайыс қорытындысында үздік командалар анықталып, жеңімпаздар дипломдар мен жүлделермен марапатталады. Сонымен қатар бірнеше жеке номинация бойынша да үздіктер анықталатын болады.Количество показов: 14
Дата создания: 23.09.2026 09:23:30



















