Студенттер «UNIFEST AQTOBE – 2025» шығармашылық фестивалінде бақ сынады
Шаһарда Халықаралық студенттер күніне арналған «UNIFEST AQTOBE – 2025» шығармашылық фестивалі өтті. Қаладағы жоғары оқу орындарының өнерлі жастары түрлі номинациялар бойынша бақ сынап, өз таланттарын кең аудиторияға таныстырды. Шаһарда қалалық жастар ресурстық орталығы «UNIFEST AQTOBE - 2025» шығармашылық фестивалін өткізді. Шара Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған. Дәстүрлі шараға қаладағы жоғары оқу орындарының 200-ге жуық белсенді және өнерлі студенті қатысты. Студент жастар арасында достық байланысты нығайту, жас дарындарды анықтау және шығармашыл жастарға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру - фестивальдің басты мақсаты. Биылғы мәдени шарада қатысушылары өнерлерін әртүрлі бағытта таныстырды. Жастардың өнері мен таланты сахнада жарқырай көрініп, әрбір қатысушы өз саласы бойынша жоғары дайындықпен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «UNIFEST AQTOBE – 2025» — жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін ашатын алаң ғана емес, мәдениет пен өнер саласында жаңа идеялар мен бірегей жобалардың бастауына айналатын маңызды шара. Фестиваль қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «UNIFEST AQTOBE – 2025» — таланттар тоғысқан, жаңа есімдер ашылған шығармашылық мереке ретінде есте қалды.Количество показов: 19
Дата создания: 19.11.2025 08:25:20



















