Шаһар мектептерінде кәсіби бағыттағы бейіндік сыныптар ашылады
Бүгін Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде "Атамекен" палатасының сарапшылары мен мектеп директорларының қатысуымен жаңа жоба - кәсіби бағыттағы бейіндік сыныптар ашу мәселесі талқыланды. Бұл бастама жасөспірімдерге болашақ мамандығын алдын ала айқындап, кейінгі оқу мен жұмыспен қамтуда қажет болатын базалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Басқосуға "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері, қала мектептерінің директорлары қатысты. Оған қоса, студенттер жиі тәжірибеден өтетін және жұмысқа орналасуға мүмкіндік алатын зауыттар мен құрылыс компанияларының өкілдері де шақырылды. Бейінді сыныптардың ашылуы мектеп оқушыларының жұмысшы мамандықтарды насихаттап, олардың болашақ кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік береді. Кездесу барысында төрт жақты - кәсіпкерлер палатасы, әлеуметтік серіктестіктер, мектеп және колледж арасында өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл құжат тараптардың бірлесіп жұмыс істеуіне жол ашып, жастардың кәсіби бағдар алуына, сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне жағдай жасамақ.Количество показов: 16
Дата создания: 18.09.2025 07:31:15