«Самара-Шымкент» тас жолында 5 адам қаза тапты
Республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 1024-шақырымында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты. Оқиға кеше таңғы сағат 08:40 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алып, Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылған. Автобуста Пермь-Ташкент бағытында жол жүрген Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. 49 өзбек азаматының 15-і Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген. Оның 13-і дәрігерлерге қаралып, амбулаторлық ем алған соң қайтарылған. Ал екі адам қазір ауруханада жатыр. Ал, екінші науқас - 51 жастағы Өзбекстан азаматы. Жабық бас-ми жарақатын алған. Кеуде қуысынан да соққы алған. Жамбыл Жайлыбаевтың сөзінше, қазір жағдай қалыпты, тұрақты ауыр. Облыс орталығындағы мамандармен кеңесіп, емін жалғастырып жатыр. Ал, қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Количество показов: 10
Дата создания: 09.12.2025 08:55:52



















