Хромтау өңірінің тұрғыны туыстарына алданып, қарызға кіргенін айтады
Хромтау өңірінің тұрғыны өзінің туыстары алдап, атына миллиондаған несие рәсімдегенін айтып редакциямызға келді. Айтуынша, өзінің апа-жездесі оның денсаулығына зиян келтіріп, дәрі беріп, ұмытшақ ауруына тап қылдырған. Зардап шеккен Хромтау тұрғыны бұл мәселемен аудан орталығының полиция бөлімшесіне, прокуратураға да хабарласып, нәтиже болмағанын айтады. 53 жасар Болат Диқанов Хромтау өңірінің тұрғыны. Ол туған әпкесі мен оның күйеуі алдап, атына 35 миллион теңгеге несие рәсімдеп, қарызға белшесіне батырғанын айтады. Оның айтуынша, туғандары оған дәрі берген. Салдарынан ол есін жоғалтып, не істеп не қойғанын білмеген. Бұл 4 жыл бұрын орын алған оқиға. Аудандық полиция бөлімшесіне хабарласқанымен, оның арызын қабылдамаған айтады өзі. Ал өзі болса, уақытша жұмысқа жарамсыз деп танылып, несие төлейтін уақыты кейінге қалдырылған. Ал қазіргі таңда түрлі банктерден хабарласып, несие төлеуді талап етіп жатыр,- дейді ол. Айтуынша, туыстары астына мінген көліктеріне дейін сатып жіберген. Банк шотынан 3 миллион теңге шешіп алып,оның атынан тағы 5 ай бұрын 5 миллион теңге несие алған. Қазіргі уақытта Болат Диқанов зейнеткер әкесімен бірге тұрады. Ал ұялы телефоны болса әлі де әпкесі мен күйеуінің қолында. Үйіне кіргізбейді, телефонды алу мүмкін болмай отыр дейді ол. Прокурорлар болса, істі аудандық полицияға бағыттау керек деді. Облыстық полиция департаменті Болат Диқановтан ешқандай арыз алмағанын хабарлады және оған өзінің шағымы бойынша Хромтау аудандық полиция бөлімшесіне барып, арыз түсіруді ұсынды.Количество показов: 6
Дата создания: 21.01.2026 10:14:55



















