Жалғызбасты ана үй кезегіне тұра алмай жүр
Бүгінде баспана мәселесі - көптеген қазақстандық отбасы үшін өзекті. Қаламызда жалғыз басты ана үй алу үшін кезекке тұра алмай жүргенін айтып, редакциямызға хабарласты. Қолында бес жасар баласы бар жалғыз басты ана, қазір пәтер жалдап тұратынын, үй алу кезегіндегі мәселесі шешімін таппай жүргенін айтады. Гаухар Жәкішева - 35 жасар жалғыз басты ана. 5 жасар баласы бар. Үй алуға кезекке тұра алмай жүргенін айтып редакциямызға хабарласты. 2024 жылы жалғыз басты ана ретінде үй кезегіне тіркелуге барған, кейін өтінішін кері қайтарған. Тұрақты жұмысы жоқ. Үйінде әлеуметтік желі арқылы киім сатумен, одан бөлек шаш қиюмен айналысады. Ол баланың әкесімен мүлде қарым-қатынас үзгенін айтады. Қазіргі таңда жалдамалы пәтерде айына 70 мың теңге төлеп тұратынын айтады. Үйге кезекке қоймаудың себебі, ол- ата- анасының үйінде тіркеуде тұрғаны. Ол үйде үлесі бар екенін де айтты. Үйдегі үлестен бас тартса, жалғызбасты ана ретінде тіркелетін үй кезегіне тағы 5 жыл кететінін айтып налиды ол. Қазіргі таңда жалғыз басты аналарға қатысты үй алу жобасы "Отбасы" банктың жауапкершілігінде. Әйтсе де, қандай да бір мүлікте үлесі болған жағдайда пәтерді қолжетімді бағада жалдамалы түрде ғана алуға болады. Ал ондай пәтердің бағасы айына 20-30 мың теңге аралығында болатынын айтады мамандар. Мамандардың айтуынша, жалғыз басты аналарға тұрғын үй бағдарламалары қамтылған және тұрақты тіркелген жұмыс орны болуы да маңызды.Количество показов: 6
Дата создания: 21.01.2026 10:08:33



















