"Ақтөбе жастары" тұрғын үй бағдарламасының үшінші кезеңі іске қосылады
Бүгін облыстық өңірлік коммуникация қызметі алаңында "Ақтөбе жастары" тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. 2026 жылы қаңтар айының басында өңірде жастарға және жас отбасыларға арналған "Ақтөбе жастары" тұрғын үй бағдарламасының үшінші кезеңі іске қосылады. Бұл жолы жоба аясында 80-ге жуық отбасы жеңілдетілген шартпен баспана алуға мүмкіндік алады деп жоспарлануда. Әйгерім Сәуірбайдың репортажында толығырақ. Өңірде жастар мен жас отбасыларға арналған "Aqtobe jastary" тұрғын үй бағдарламасының үшінші кезеңі іске қосылмақ. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен "Отбасы Банк" өкілдері хабарлады. Жоба аясында 80-ге жуық отбасы жеңілдетілген шарттармен баспана алуға мүмкіндік алады. 500 миллион теңге облыстық бюджеттен, 500 миллион теңге "Отбасы" банк тарапынан бөлінетін болды. Бағдарлама бойынша ең жоғарғы несие 15 миллион теңгені құрайды. Несие 19 жылға дейін беріледі, ал пайыздық мөлшерлеме жылына 10 пайызды қамтиды. Өтінімдер 2026 жылдың 6-20 қаңтар аралығында электронды түрде қабылданады. Алдын ала іріктеу нәтижелері комиссия шешімінен кейін жариялатындығын мәлімдеді. Бағдарлама жастарды тұрғын үймен қамтуға бағытталған. Айтуларынша, бағдарламаға 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама алдағы уақытта да өңір жастарын қолдауға бағытталатынын жеткізді жауаптылар.Количество показов: 11
Дата создания: 24.12.2025 11:32:23



















