Хромтау ауданында га балоны жарылып, 5 адам зардап шекті
Газ баллонының жарылуымен биыл жыл басынан бері облыста 3 оқиға тіркелді. Бұл жағдайлардың барлығы дерлік газ баллондарымен және газ жабдықтарымен қауіпсіздік талаптары сақталмағаннан орын алып отыр. Соның бірі кеше ғана орын алған Хромтау ауданындағы жағдай. Бұл жерде газ құрылғысы ғимаратқа ыстық сумен қамтамасыз ету үшін қолданылған. Жарылыс салдарынан ғимараттың 80 шаршы метр аумағы қираған. Басқа жанындағы ғимараттарға өрт өтпеген. Дәлірек айтсақ, кеше Хромтау ауданында кешкілік қоғамдық тамақтану орнында газ жарылып, салдарынан бес адам зардап шекті, оның бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің денелерін күйік шалған. Бәрі де тамақтану орнының қызметкерлері. Ақ халаттылардың айтуынша, науқастардың жағдайы қазір бірқалыпты. Ем-шаралар қолданып, тәулік бойы дәрігердердің бақылауында екенін айтады олар. Жыл басынан бастап өңірде 29 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 оқиғаға көп болып отыр. Өкінішке орай өрт салдарынан 1 адам қайтыс болды. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында құтқарушылар тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Тексеру барысында жеке тұрғын үу секторларынан электр сымдарының жанғыш беттерге орналастырылуы, тұрғын үй-жайларда газ баллондарын пайдалану, розеткалардың шамадан тыс жүктелуі, сондай-ақ қорғау құрылғыларының болмауы сияқты келеңсіздіктер анықталады. Сондықтан облыстық ТЖД облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.Өрт немесе түтін байқалған жағдайда «101» немесе «112» телефондары арқылы дереу хабарласуды ескертеді.Количество показов: 7
Дата создания: 21.01.2026 10:12:17



















