Аймақ басшысы Алматы ауданын аралады
Астана ауданынан кейін облыс әкімі Асхат Шахаров Алматы ауданының аумағын аралап көрді. Әсіресе Есет батыр шағын ауданындағы қар тазалау жұмыстарын тексерді. Мұнда да тұрғындардан 109 ахуалдық орталығына шағым көп түскен. Әсіресе, жаяулар жолдары мен аялдамалар аумағын тазалауға қатысты. «Алматы» ауданында тротуарлардың жалпы ұзындығы 160 шақырым, 557 аялдама бар. Мұндағы аумақтардың санитарлық жағдайы мен жолдарды қысқы күтіп-ұстауға жеті мердігер ұйым жауапты. Ахуалдық орталығына түскен шағымдардың дені - мердігерлердің міндеттерін дұрыс атқармай отырғандықтарына қатысты. Осыған орай, аймақ басшысы «Алматы» ауданына қарасты Есет батыр шағын ауданындағы аумақтарда қысқы күтіп-ұстау бойынша көшпелі тексеру жүргізді. Астана ауданындағы бірнеше аумаққа жауапты "Өтес-Ақтөбе" серіктестігі Алматы ауданында да 6 учаскені жауапкершілігіне алған. Алайда мұндағы жұмыстары да сын көтермейді. Аталған компания теміржол вокзалы маңы, «Қурайлы», «Өрлеу» тұрғын алаптары мен Уәлиханов көшесін қоса алғанда бірнеше аумаққа жауапты. Қажетті ресурстардың болуына қарамастан, мердігер өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай отыр. Ауданда құм-тұз қоспасын себуге қатысты да тұрғындардан түскен өтініштер көп. Шағымдар негізінен Богослов трассасы бойында, сондай-ақ Ақжар бағытына апаратын жолда, Жаңа-Әлжан комбинаты, Қалалық сүт зауыты және Орталық базар аумағында тіркелген. Мұндағы мердігер ұйымдар шамамен 5 млн шаршы метр аумаққа қызмет көрсетеді. Бұл аумаққа 711 көше мен тұрғын алаптардың айналма жолдары қарасты. Тайғаққа қарсы инертті материалдар қоры 1 650 тонна тұз және 1 410 тонна тұз қоспалы құмды құрайды.Количество показов: 11
Дата создания: 20.01.2026 07:38:51



















