Былтыр шаһарда 26 жылы аялдама ел игілігіне берілді
Өткен жылы шаһарда 26 жылы аялдаманың құрылысы аяқталды. Бұл аялдамалар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, қоғамдық көлік күту кезінде тұрғындардың жайлылығын арттыруға бағытталған. Жылы аялдамаларда жолаушылар үшін таза, жарық әрі жылы орта қалыптастыру көзделген. Тұрғындар да жылы аялдамалар ыңғайлы екенін айтады. Ұсыныс ретінде мұндай автобус аялдамаларының қатары көбейсе екен дейді.Қыстың көзі қырауда, далада автобус күтудің өзі мұң. Әсіресе, соңғы күндердегі аязды желде бес минут бір жерде тұрсаң, аязды жел үсіріп жібереді. Сондықтан қаладағы жылы, жабық аялдамалар жолаушылар үшін- жайлылық. Аялдамалар таңғы сағат 7.00-ден бастап есіктері ашық, ішкі тазалық пен жылудың сақталуы негізгі талаптардың бірі болып саналады. Қала әкімдігінің мәліметінше аталған шарттар аялдамаларда кәсібін жүргізуге рұқсат етілетін кәсіпкерлермен жасалатын келісімшартта нақты көрсетіледі. Жылы аялдамалар – қоғамдық орын болғандықтан, мұнда тәртіп пен тазалықтың сақталуы аса маңызды. Айта кетейік, аялдамалар сәулет бөлімі бекіткен эскизге сай салынған. Электр желісіне қосу үшін қажетті жер жұмыстарының кеш басталуына байланысты кейбір нысандар жыл соңына дейін толық пайдалануға берілмеген. Қазіргі таңда электр қуатын тарту жұмыстары жалғасуда. Қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Количество показов: 10
Дата создания: 20.01.2026 07:40:55



















