Былтыр 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй ел игілігіне берілді
Аймақта былтыр барлық қаржыландыру көздері есебінен 1 млн 21 мың 121 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2025 жылдың жоспарында 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру көзделген. Ел игілігіне берілген баспаналардың 441 мың шаршы метрден астамы - көппәтерлі, 580 мың шаршы метрге жуығы - жеке тұрғын үй. Басқарма тарапынан 2025 жылы облыста 89 нысанның құрылысы жүргізілді. 50-ге жуығы - білім саласының нысаны. 19-нысан денсаулық сақтау мекемелері. Одан бөлек, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салалары, төтенше жағдай және жұмылдыру дайындығы, халықты, объектілерді және аумақты инженерлік қорғау, мемлекеттік органдар объектілерін дамыту нысандары бар. Сонымен қатар, осы жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 1 млн 30 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және облыс көлемінде 470,5 млрд теңге деңгейінде құрылыс жұмыстарын орындау жоспарланып отыр. 2026 жылға халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 3,4 млрд теңгеге 169 пәтер сатып алу жоспары да тұр.Количество показов: 7
Дата создания: 13.02.2026 05:41:05



















