Қазақстан прокуратурасының құрылғанына биыл 35 жыл
35 жыл. Қазақстан прокуратурасының құрылғанына биыл осынша жыл. Прокуратура органы мен 1991 жылы еркіндік алған еліміздің тәуелсіздік тарихы біте қайнасып кеткен. Бүгін әр өңірден жиналған сала ардагерлері мен қазіргі қызметтегі мамандар бас қосып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Өңірлік форум аясында прокуратура органдарындағы өзекті мәселелер талқыланды. Аталған салада 35 жыл бойы еңбек еткен ардагер Серік Әбденов бүгінде цифрландыру прокуратура органдарының жұмысын едәуір жеңілдеткенін айтады. Прокуратураның құрметті қызметкері елімізде цифрландыру үдерісі қарқынды дамуда деп мақтанышпен жеткізді. Кездесуге заң ғылымдарының профессоры Марат Қоғамов та қатысты. Бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдар бар. Алайда жоғары қадағалау функциясына прокуратура ғана ие екенін атап өтті Қазақстандық белгілі заңгер. Бүгін ардагерлер жылдар бойы жинақтаған тәжірибесімен бөліссе, жас мамандарға заңға адал қызмет етудің маңызы түсіндірілді. Екі күнге жоспарланған жиынға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының прокуратура қызметкерлері жиналды. Басқосуға Әділет партиясының өкілдері де арнайы келген. Олар прокуратура институтының ел тәуелсіздігімен және мемлекеттілікті нығайтумен тығыз байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ прокуратураны мемлекет мүддесін қорғайтын маңызды құқықтық институт ретінде бағалады. Батыс Қазақстан облысының өкілдері қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған «Қауіпсіз өмір» жобасын, ал Ақтөбе мен Қызылорда облыстары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға арналған «Талдау - Қолдау - Бақылау» және «Адал бала» бастамаларын көпшілік назарына ұсынды. Жобалардың негізгі бағыттарының бірі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болды.Количество показов: 8
Дата создания: 21.11.2026 04:58:34




















