Қайырымды жандар ерекше балаларға қолдау білдірді
Бүгін "Ерекше жандар" қоғамдық бірлестігіндегі көмекке мұқтаж жандарға азық-түліктер табысталды. Бұл - Рамазан айына орай ұйымдастырылған қамқорлық жоба. Мүгедектігі бар ерекше жандарға арнап мешіт өкілдері өздерінің қол ұшын созды. "Қабақ баба" мешітінің өкілдері "Рамазан сыйы" жобасы аясында аталған ұйымға арнайы сыйлықтарын табыстап, қолдауларын көрсетті. "Қабақ Баба" мешітінің имамы Нұрлыбек Дүйсейовтың айтуынша, қайырымдылық шаралары тек Рамазан айында емес, мешіттегі ағаларымыздың демеушілігімен де жасалып тұрады. "Ерекше жандар" қоғамық бірлестігі - коммерциялық емес ұйым. Облыстық қоғамдық бірлестігі директорының сөзінше, орталық қазіргі таңда тек жеке демеушілер мен қолдаушылардың жұмыс істеп тұр. Ол тіпті ұйымға арнайы орынның да қарастырылмағанын айтады. 2024 жылдан бері жан-жақтан қолдау көрсетіліп, сол арқылы мүгедектігі бар жандарға көмектесіп келе жатқандарын жеткізді. Орталық директоры бүгінгі жанашарлықтары үшін мешіт өкілдеріне алғысын білдірді. Қазіргі таңда ұйым 42 ересек пен 15 балаға жәрдем беріп отыр. Шара соңында ерекше балалар марапатталып, оларға демеу болған жандарға алғыс айтылды.Количество показов: 8
Дата создания: 12.03.2026 07:43:18



















