Қалада Мәди Айымбетовтің 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Мәди Айымбетовтің шығармашылық жолы журналистика саласымен тығыз байланысты. 1946 жылы дүниеге келген қаламгердің балалық шағы Ақтөбенің Байғанин өңірінде өткен. 1972 жылы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдап, еңбек жолын республикалық мерзімді басылымдардан бастаған. Кейін мемлекеттік қызметте де жауапты жұмыстар атқарыпты. Өз заманында Қазақстан Республикасы парламенті сенаты аппаратының редакциялық-баспа бөлімін басқарған. Шығармашылық кешке өңір қаламгерлері, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, мәдениет қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Сонымен қатар мерейтойлық шара аясында қаламгердің "Құлан елес" кітабы таныстырылды. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері "Кемел ойлы, көркем сөзді жазушы" атты кітап көрмесін ұсынып, әдеби мұрасына библиографиялық шолу жасады. Кеш барысында Мәди Айымбетов оқырмандармен шығармашылық жолы және алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті. Ал әдебиет пен театр тоғысқан кеш қаламгердің "Ымырттағы жалғыздық" шығармасы негізінде сахналанған қойылыммен жалғасты.Количество показов: 10
Дата создания: 08.10.2026 09:22:05



















