72 жастағы әжейдің далада қалу қауіпі бар
72 жастағы Салтанат Таңабергенова өз ұлы, келініне наразы. Екеуі әжейдің баспанасын тартып алмақшы. Өзінің 1 ұл, үш қызы бар. Қарияның айтуынша, өзі 2006 жылы 20 жылға ипотекалық несиеге пәтер алған. Сол уақыттан бері үлкен қызы екеуі ай сайын тұрақты төлем жасап, пәтерінде тұрып келген. Алайда пәтер қазір отбасылы ұлының атына тіркелген. Ол өз әйелімен бірге бөлек тұрады. Ал, өткен жұмада қарияға соттан "үйді босатыңыз" деген хабарлама келеді. Бұл қадамға ұлы мен келіні барған. Енді Салтанат Таңабергенова 20 жыл ақысын төлеген баспанасынан айырылып қаламын ба деп алаңдайды. Салтанат әжейдің негізі екі пәтері бар. Бірін ипотека арқылы алса, екіншісі қызметінен берілген. Соңғысында бір қызы тұрады. Ал, бала-келіні қазір жалдамалы пәтерді мекендеп жатыр екен. Олар сот арқылы өз құқықтарын қорғап жүр. Келінің сөзінше, пәтерге қатысты төлемдердің бір бөлігі өз тараптарынан жасалған. Алайда енесі үйдің өзіне тиесілі екенін айтып, келісімге келуден бас тартқан. Кикілжіңдердің салдарынан отбасы мүшелері бір шаңырақта тұру мүмкіндігінен айырылып, мәселе сотқа дейін жеткен. Қазіргі таңда жас отбасы өздеріне тиесілі деп есептейтін үйге заңды түрде кіріп, тұрақты тұруды қалайды. Дегенмен тараптар арасында ортақ мәміле табылмай отыр. Белгілі болғандай, бұл отбасы бұрын да некелік қатынастарға байланысты қиындықтарды бастан өткерген. Қазір ұлы үшінші жұбайымен бірге сот көмегіне жүгініп, баспана мәселесін заң аясында шешкен.Количество показов: 9
Дата создания: 11.02.2026 08:58:00



















