Жеңгетай Шолпан Мырзағалиева төрт жылға сотталды
![]() |
Мектеп оқушыларын жезөкшелікке тартқан жеңгетай Шолпан Мырзағалиеваның ісіне нүкте қойылды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 33 жастағы келіншекті төрт жылға бас бостандығынан айырды. Оның серіктесі Ахат Нығметов алты жылға сотталды. Жасөспірім қыздарды ұятты іске баулыған жеңгетай бүгін ұялғандай кейіп танытып, сот отырысына бетін тұмшалап келді. Қасындағы серіктесінен өкініш белгісі байқалмайды. Екеуі судья келгенше, сыбырласып, көңілді отырды. Қурайлы ауылының 33 жастағы тұрғыны Шолпан Мырзағалиева зардап шеккен 7 оқушының ата-анасының арызы бойынша мамырдың 18-де қамауға алынды. Серіктесі, Шығыс Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны Ахат Нығметов маусымның жетісінде ұсталған. Қылмыстық топ оқушы қыздарды сағатына 30 мың, кейде 50 мың теңгеге ел ішіне, керек кезде Ресейге шығарып саудалаған. Тәнін сатқан оқушылардың ең жасы - 14 те. Прокурорлар Шолпан мен оның жолдасына "жасөспірімдерді жезөкшелікпен айналысуға тарту" және "жеңгетайлық" баптары бойынша айып тақты. Сот процесі қазан айында басталып, бүгінге дейін жабық жағдайда өтті. Шолпан Мырзағалиева сондай-ақ, бір зардап шегушінің пайдасына 100 мың теңге, тағы біреуіне серіктесі екеуі қосылып сонша сомада рухани шығынды өтеуі тиіс. Ал оның жеті жастағы қызын қамқоршылыққа орналастыруды судья білім бөліміне тапсырды. Айыптаушы жақ соттың шешімімен жартылай келісіп отыр. Сотталушылар үкіммен келіспесе, 15 күннің ішінде аппеляциялық шағым беруге құқылы. |
Количество показов: 2740
Дата создания: 27.12.2012 19:08:04