Теміржол нысандарындағы қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу талқыланды
Теміржол қауіп-қатері жоғары аймақ саналады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеудің өзі адам өміріне қатер төндіруі мүмкін. Бүгінгі кездесуде тұрғындарға теміржол нысандарында жүру тәртібі мен заң талаптары түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, биыл өңірде пойыз қағу дерегі тіркелген. Абырой болғанда зардап шеккен азамат дін аман қалған. Кездесуде көші-қон заңнамасының сақталуы да назардан тыс қалмады. Жыл басынан бері талаптарды бұзған 127 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 113-іне айыппұл салынып, 14 азаматтың ісі сотқа жолданған. Ал сот шешімімен 8 адам ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылған. Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүргендерге қатысты 67 құқық бұзушылық анықталған. Азаматтар ескерту жасалса да құжатын алып жүруге салақтық танытады. Қоғамдық орындар мен теміржол нысандарына рұқсатсыз сурет салу заң бұзушылық саналады. Мемлекеттің мүлкін бүлдіруге болмайды. Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластау бойынша 140 дерек тіркелген. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жиынға «Әділет» партиясының облыстық филиалы, көлік прокуратурасы мен көліктегі полиция өкілдері қатысты. Мамандар қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын мектептерде де жүргізеді. 130-ға жуық мектеп пен 25 білім беру ұйымы қамтылған. Негізгі мақсат құқық бұзушылық пен жазатайым оқиғалардың алдын алу болды.Количество показов: 8
Дата создания: 14.11.2026 07:45:10




















