Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курстанттары алғашқы ұшу жаттығыуларын орындады
Кеңес одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының 4-курс курсанттары үшін бұл кәсіби даярлықтағы маңызды кезең. Олар L-39 оқу-жаттығу ұшағымен алғашқы ұшу жаттығуларын орындады. Ұшу алдында курсанттар тапсырмаларды пысықтап, әскери ұшқыш-нұсқаушылармен бірге жаттығудың негізгі кезеңдерінен өтті. Ал әуеде олар ұшақты басқару, кеңістікті бағдарлау және штаттық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын пысықтады. Әр ұшудан кейін курсанттардың әрекеттеріне талдау жасалып, орындалған тапсырмалардың нәтижесі бағаланды. Бұл алдағы жаттығуларда кәсіби дағдыларын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Ұшу жаттығулары болашақ әскери ұшқыштарды даярлаудың негізгі кезеңдерінің бірі. Тәжірибе сабақтары курсанттардың тәжірибесін арттырып, әуе кемесін басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Алғашқы ұшу жаттығулары курстанттардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта олар оқу жаттығу барысында кәсіби шеберліктерін одан әрі жетілдіре түспек.Количество показов: 11
Дата создания: 19.09.2026 09:57:26



















