Заң қызметкерлері оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндірді
Бүгін қаладағы №31 қазақ орта мектебінде "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында іс шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу дейді мамандар. Кездесу барысында өмірдегі және ашық ғаламтор кеңістігіндегі буллинг мәселесі көтерілді. Білім беру ұйымында құқықтық тәрбие жұмыстары оқу бағдарламасы аясында да жүргізіліп келеді. Президент жарлығына сәйкес 2026-2027 оқу жылында 8-11 сынып оқушыларына "Заң және тәртіп" курсы, ал 5-7 сыныптарға "Конституция негіздері" пәні оқытылуда. Аталған пәндерден арнайы заң қызметкерлері дәріс жүргізеді. Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, прокуратура ардагерлері кеңесінің мүшелері және өзге де сала мамандары қатысты. Олар оқушылармен пікір алмасып, заң талаптарын сақтау, жауапкершілік және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде ой бөлісті.Количество показов: 4
Дата создания: 13.11.2026 07:14:16




















