Қала көшелерінде жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау маңызды
Қала көшелерімен күн сайын мыңдаған адам жұмысқа, оқуға, қым-қуыт тіршілік істерімен ерсілі-қарсылы қатынайды. Сондықтан жаяу жүргіншілер жолының тегіс әрі қауіпсіз болуы тұрғындар үшін маңызды. Мәселен, Әбілқайыр хан даңғылы бойында жаяу жүргіншілер жолына жамылғы төселгеніне біраз уақыт болған. Жұртшылық басты көшеде жол тегіс, жаяу жүруге қолайлы дейді. Бірақ шалғай көшелерде жаяу жүргінші жолы жоқтың қасы екендігін айтады. Жергілікті халық үшін тағы бір мәселе жол құрылысының сапалы орындалуында. Себебі көп уақыт өтпей тротуарларды қайтадан жасауға тура келеді. Жол жамылғысы әлденеше рет төселіп те жатыр. Мұндай құрылыс жұмыстары тұрғындардың күнделікті жүріс-тұрысына әсер ететіні анық.Количество показов: 7
Дата создания: 13.11.2026 07:16:18




















