Заманауи мұғалім келбеті талқыланды
PISA-2025 халықаралық зерттеуіне Қазақстанның 643 білім беру ұйымынан 22 680 білім алушы қатысқан. Зерттеу қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан 420, математикалық сауаттылықтан 414, ал оқу сауаттылығынан 385 балл жинады. Бұл көрсеткіштер білім сапасындағы өңіраралық және мектепаралық алшақтықты азайту, білім алушылардың базалық білімі мен дағдыларын нығайту және оқыту сапасын арттыру қажеттігін көрсетеді. Стратегиялық сессия бағдарламасы өзара сабақтас екі негізгі бағытты қамтиды. Анықталған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру және практикалық ұсыныстар әзірлеу. Әр бағыт бойынша секциялық жұмыстар үш топта ұйымдастырылады. Университет қабырғасында өткен сессияда халықаралық зерттеудің нәтижелері талданып, өңірдегі орта білім беру жүйесінің өзекті мәселелері айтылды. Сессия халықаралық зерттеу нәтижелерін талқылаумен ғана шектелмейді. Оның басты ерекшелігі - өңір мектептерінің тәжірибесін саралау, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді бірлесіп анықтау және оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу. Іс-шара қорытындысы бойынша орта білім беру ұйымдары мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын жүйелі дамытуға бағытталған ұсынымдар қабылданды.Количество показов: 8
Дата создания: 14.11.2026 07:48:53




















