Атеросклероз бен созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің алдын алу, емдеу тәсілдеріне арналған семинар өтті
Жүрек-қан тамырлары аурулары - бүгінгі медицинадағы өзекті мәселелердің бірі. Соның ішінде атеросклероз қан тамырларының тарылуына әкеліп, жүрек жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Ал дер кезінде анықталып, тиісті ем қабылданбаса, ауыр асқынуларға ұласуы ықтимал. Осы бағыттағы медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарда атеросклероз бен созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің алдын алу, диагностикасы және емдеу жолдары сөз болды. Кездесуге Астанада өткен атеросклероз қоғамының съезінде арнайы сессияда баяндама жасаған медицина мамандары шақырылған. Олар өздерінің ғылыми ізденістері мен тәжірибелік жұмыстарын әріптестерімен бөлісіп, заманауи тәсілдерге тоқталды. Семинарға облыстық көпсалалы аурухананың аға мейіргерлері де қатысып, кәсіби тәжірибе алмасты. Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырады. Оған қоса, кездесу жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау мен асқынудың алдын алуға бағытталған.Количество показов: 7
Дата создания: 14.11.2026 07:47:11




















