Ардагер Ақби Рақовты еске алуға арналған тарихи танымдық іс-шара өтті
Ақби Рақов - Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Сонау соғыс жылдарында танк командирі болған лейтенант 1943 жылдың қазан айында Днепр өзенінен өту және Букрин плацдармы үшін болған шайқасқа қатысқан. 1947 жылы денсаулығына байланысты елге оралған майдангер ауыр сырқаттан 1949 жылы, 26 жасқа қараған шағында өмірден озған. Бүгін Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейінде Ақби Рақовты еске алу кеші ұйымдастырылды. Тарихи-танымдық шарада Ақби Рақовтың өмірі мен майдан жолына арналған деректі сюжет көрсетіліп, архивтік құжаттар мен музей қорындағы материалдар таныстырылды. Жиынға қатысқан өлкетанушылар мен зерттеушілер майдангердің ерлігіне қатысты деректермен бөлісті. Сонымен қатар Ақби Рақовтың өмір жолын зерттеген ізденушілер жинақтаған тарихи материалдар музей қорына табысталды. Мамандардың айтуынша арнайы ынталы топ құрылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар туған өлке тарихын дәріптеп, соғыс жылдарындағы ерлікті кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.Количество показов: 9
Дата создания: 16.09.2026 09:45:10



















