"Жұлдыз болғым келеді" II республикалық шығармашылық байқауының финалы өтті
Астанада балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған "Жұлдыз болғым келеді"» II республикалық шығармашылық байқауының финалы өтті. Хореография бағыты бойынша ұйымдастырылған сайысқа еліміздің әр өңірінен 20 би ұжымы өнер көрсетті. Сахна төріне 140 бала көтерілді. Байқаудың іріктеу кезеңіне 800 бала қатысқан. Жобаның жалпы жүлде қоры 5 миллион 200 мың теңге. Байқау қорытындысы бойынша Қонаев қаласындағы балаларды қолдау орталығы Гран-при иеленді. Ал облысымыздағы "Аяла" балаларды қолдау орталығы бірінші орынға лайық деп танылып, 1 миллион 500 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Екінші орын Павлодар облысына, үшінші орын Қостанай облысының Рудный қаласына бұйырды. Айта кетейік, жоба биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мамандар басты мақсат балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шығармашылық қабілеттерін шыңдап, үлкен сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік беру дейді.Количество показов: 11
Дата создания: 06.11.2026 06:45:12



















