Базарда жеміс-жидек пен көкөністің бағасы қымбаттаған
Базар сөрелерінде жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрі бар. Алайда сатып алушыларды өнімнің молдығынан бұрын, оның бағасы алаңдатады. Кәсіп иелерінің айтуынша, тауарлардың басым бөлігі шетелден жеткізіледі. Соған байланысты баға да құбылып отыр. Қытайдан келетін өнімдердің бағасы сәл арзандау. Базарда апельсиннің бір келісі 850 теңгеден сатылуда. Қытайдан жеткізілген апельсиннің бағасы 700-750 теңге. Бананның келісі 750-800 теңге аралығында. Қытай мандарині 700-800 теңге болса, Ресей мен Аргентинадан әкелінетін мандариннің бағасы 1400-1500 теңгеге дейін жетеді. Алманың келісі 500-550 теңге, ал Талғар алмұрты 700-800 теңгеден саудалануда. Сатушылар бұл өнімдердің Иран мен Ресейден жеткізілетінін айтады. Көкөніс пен өзге де өнімдердің бағасы да әртүрлі. Сатушылардың сөзінше, базарда қияр мен қызанақ та жеткілікті. Бағалары 380-400 теңге аралығында. Жалпы, өнім тапшылығы жоқ. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда саудадағы баға едәуір өскен. Тұрғындардың қалтасына салмақ түсіріп отырғаны да осы.Количество показов: 7
Дата создания: 05.11.2026 08:54:28



















