Әйтеке би ауданының әлеуеті жоғары
Әйтеке би ауданында биыл әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер байқалады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында өсім бар. Тоғыз айда ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 27 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 32 миллиард теңгені құраған. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 29 миллиард теңгеге жеткен. Биыл ауданда 170 мың шақырымға егін егілген. Диқандар күздің екі айында 107 мың тонна дәнді дақыл жинап үлгерген. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасуда. Биыл жол жөндеуге 2,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініпті. Газдандыру деңгейі 94 пайызға жетіп, тұрғындар ауыз сумен толық қамтылған. Сонымен қатар тұрғын үй сатып алу, мектептер мен медициналық нысандарды жаңғырту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аудан орталығы мен ауылдарда абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. "Таза Қазақстан" акциясы аясында 3 мыңнан астам көшет отырғызылып, 146 тонна қалдық шығарылыпты.Количество показов: 10
Дата создания: 06.11.2026 06:40:47



















