Қоқыс қалдықтары ескі қаладағы арықтардың көзін бітеп тастаған
Күзгі жапырақ, желмен ұшқан қоқыс. Желдің әсерімен ұшқан қоқыс қалдықтары ескі қаладағы арықтардың көзін бітеп тастапты. Сондықтан тұрғындар кейбір арық-науалардың ішін тазалауды қажет. Әйтпесе ағаш жапырақтары су ағатын жолдарды бітеп, қолайсыздық туғызады. Күзгі жаңбыр арыққа жиналмай жол бойына ағады деп қауіптенеді. Ал Алматы ауданында арық-науаларды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері қаланың ескі бөлігі, Құрмыш және Есет батыр аудандарында арықтарды тазалау жұмыстары үш рет жүргізілген. Ескі қала аумағындағы арықтарды тазалау күнтәртібіне енгізілген. Алда тазалық жұмыстары қолға алынбақ. Айта кетейік, Жанкожа батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары кезінде су ағатын арықтар жаңартылған. Коммуналдық мекеме өкілдері тұрғындарды арықтарға тұрмыстық қалдық тастамай, ортақ тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырады.Количество показов: 8
Дата создания: 05.11.2026 08:56:00



















