Оқушыларға кибербуллинг, төбелес және заңсыз әрекеттердің салдары түсіндірілді
Заңды білу - заман талабы, тәртіп сақтау - азаматтық міндет. Осы бағытта №72 IT мектеп-лицейінде интерактивті кездесу өтті. Жиынға 100-ден астам оқушы, учаскелік полиция инспекторлары, прокуратура өкілдері мен мектеп ұжымы қатысты. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу - маңызды міндет, дейді мамандар. Әсіресе төбелес, суық қару алып жүру, кибербуллинг және түнгі уақытта көшеде жүру мәселелері назардан тыс қалмауы керек. Кездесуде оқушылар да белсенділік танытты. Олар өзекті мәселелерді жасанды интеллект көмегімен бейнелеп, кибербуллинг тақырыбында арнайы жобаларын ұсынды. Ситуациялық тапсырмалар арқылы түрлі жағдайларды талқылап, олардың шешу жолдарын қарастырды. Мектепте осындай кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады. Ай сайын құқық қорғау органдарының өкілдерімен жүздесулер өткізіліп, оқушылардың қауіпсіздігіне баса мән беріледі. Балалардың түнгі уақытта қараусыз жүрмеуін бақылау мақсатында рейдтік шаралар жүргізіледі. Бүгінгі іс-шарада полиция қызметкерлері оқушыларға заң талаптарын түсіндіріп, жасөспірімдер арасында кездесетін құқықбұзушылықтар мен оның салдарына тоқталды. Полиция өкілдері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін балалармен жүйелі жұмыс жиі жүргізілетінін алға тартты.Количество показов: 10
Дата создания: 06.11.2026 06:43:10



















