Жібек жолы тұрғын алабында жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді
Қалада тұрғындардың ұсынысы негізінде қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жібек жолы тұрғын алабында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Жоба ауладағы балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада ойнауына мүмкіндік береді. Айта кетейік, биыл Алматы ауданы бойынша "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 21 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындардың ұсыныстары бойынша инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары бар. Алдағы жылы да бағдарлама аясында жаңа жобаларды жүзеге асыру және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жалғасын табады. Бұл тұрғындардың өз аумағын дамытуға белсенді қатысуына мүмкіндік береді.Количество показов: 8
Дата создания: 29.11.2026 10:03:04




















