Шаһарда ұлттық валютаның тарихына арналған нумизматикалық көрме ашылды
Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993 жылы айналымға енгізілді. Содан бері банкноттар мен монеталардың дизайны өзгеріп жаңа үлгілер жарық көрді. Осы тарихты қамтитын көрме Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде ұйымдастырылды. Көрмеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған монета да бар. Естелік ақша батыр қыздың ерлігі мен есімін ұлықтауға арналған. Экспозиция "Ақтөбе коллекционерлер клубы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Андрей Дидыктың жеке нумизматикалық топтамасы негізінде жасақталған. Көрмеге теңгенің алғашқы үлгілері, әр жылдары шығарылған банкноттар мен монеталар, сондай-ақ тарихи оқиғаларға арналған естелік жәдігерлер қойылды. Көрменің ашылуына коллекционерлер, ұлттық банк филиалының өкілдері, университет студенттері мен қала тұрғындары қатысты. Экспозиция келушілерге ұлттық валютаның тарихымен танысып, теңгенің тәуелсіз Қазақстанның маңызды мемлекеттік нышаны ретіндегі мәнін түсінуге мүмкіндік береді.Количество показов: 4
Дата создания: 29.11.2026 10:29:52




















