Облыста қар жауып, ауа райы күрт құбылды
Өткен екі тәулікте өңірде қар аралас жаңбыр жауып, жолдар мен тротуарларда мұз қатты. Қала көшелерімен қатар, аудандарға бағыт алған көліктердің жүрісі азайған. «Ауа райы бұзылып, бұрқасын соғып тұр, жол тайғақ болғандықтан сақтықпен, баяу қозғалып келеміз», - дейді рульдегі азаматтар. Олардың қатарында қаладан Ембі мен Қандыағашқа және Алғаға қатынайтындар бар. Жол қызметінің жұмысына қатысты пікір екіұдай: кейбір учаскелерде қар күреліп, жол ашылып жатса, енді бір бөліктерде арнайы техника әлі көрінбейді, дейді жүргізушілер. Дегенмен мердігер мекемелер Қандыағаш, Ембі бағытында жолдарға құм сеуіп, тазалық жұмысын жүргізуде. Ауа райының бұзылуына байланысты өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар тасжолда қозғалысқа уақытша тыйым салынды. Шектеу жүк тасымалдайтын ауыр техникаға, жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге және жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктерге қойылды.Жабылған жол бөліктерінде полиция жасақтары күшейтілген режимде жұмыс істеп, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Тәртіп сақшылары жол қатынасы толық қалпына келтірілгенше кезекшілік атқарады.Количество показов: 6
Дата создания: 29.11.2026 10:28:11




















