Зейнетақы орталығындағы электрондық жүйе істен шықты
![]() |
Бүгін қалалық зейнетақы төлеу орталығының компьютерлік жүйесі істен шықты. Осыған орай орталыққа келген халық дағдарып қалды. Орын алған техникалық ақаудың салдарынан жиналғандардың бірі құжаттарын тапсыра алмай қиналса, енді бірі қажетті ақпараттарын ала алмай әуре. Орталық басшылары бұл қиыншылықтарды қазіргі ел көлемінде жүргізіліп жатқан жеке сәйкестендіру нөміріне көшу жұмыстарымен байланыстырады. Алайда бұл мәселелердің зейнетақы төлеу қызметіне ешқандай қатысы жоқ, себебі барлық төлемдер екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Қалалық зейнетақы төлеу орталығында қазір аталған олқылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Кешеден бері электрондық жүйе жасамай абыржыған ақтөбеліктердің барлық құжаттары қолмен толтырылған. Орталық басшыларының сөзіне сенсек қазір жүйені жолға қоюу үшін нақты жұмыстар жүргізілуде. Орталық келесі аптаның басында ғана қалыпты қызмет атқара бастайды. Қаңтардың бірінен бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер, жәрдемақы өсті. Зейнетақы 9 пайызға, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 7 пайызға көтерілді. Қаламызда 31 мың зейнеткер тұрады. Сондай-ақ мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алатын 7,5 мың тұрғын тіркелген. |
Количество показов: 2218
Дата создания: 04.01.2013 13:05:39