Қалада 35 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы жүріп жатыр
Құрылыс алаңында жұмыс қарқынды. 35 мың көрерменге арналған арена қаладағы ең ірі спорт нысандарының біріне айналмақ. Мамандар жобада қарастырылған жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатыр. Тіпті қыс мезгілінде де құрылыс жұмыстарын жалғастыру көзделген. 2027 жылдың қараша айында жұмыстың 90 пайызын аяқтау жоспарланып, 2028 жылдың наурыз айында толықтай пайдалануға беру қарастырылған. Жаңадан салынып жатқан футбол алаңының жалпы аумағы 25 гектарды құрайды. Ғимараттың ауданы 88 мың шаршы метрден асады. Стадион UEFA-ның төртінші санаттағы талаптарына сай жобаланыпты. 1975 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық стадионға небәрі 13 мың жанкүйер сыяды. Ал "Ақтөбе" футбол клубының ойындарына сұраныс жоғары. Кейде билеттің өзі жанкүйерлерге жетпей жататын кездер болады. Айта кетелік, жаңа стадионмен қатар бұл аумақта облыстық драма театр бой көтеруде. Кешен 700 көрерменге арналған. Үш қабатты ғимаратта қазір сыртқы және ішкі инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Жобалар мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Нәтижесінде "Алтын орда" қаланың жаңа спорттық әрі мәдени орталығына айналмақ.Количество показов: 8
Дата создания: 12.11.2026 07:27:12




















