Темір ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 200 миллиард теңгеден асқан
Темір ауданында 34 мыңнан астам тұрғын тұрады. Бүгінде аудан аумағындағы 24 елді мекеннің барлығы таза ауыз сумен қамтылған. Бұл - инфрақұрылымды дамыту бағытындағы маңызды нәтижелердің бірі. Ал көгілдір отынға қол жеткізген халықтың үлесі 97 пайызды құрайды. Газ құбырын елді мекендерге жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы жылы газбен қамтылған ауылдардың санын 20-ға жеткізу көзделген. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында биыл аудан біраз тазарған. 114 гектардан астам аумақ тазартылып, 1367 тонна тұрмыстық қалдық шығарылған. Бұған қоса, 7648 түп көшет отырғызылған. Ал әлеуметтік инфрақұрылымы жаңа нысандармен толығып жатыр. Биыл Шұбарқұдық және Кеңқияқ ауылдық округтерінде әрқайсысы 600 оқушыға арналған екі жаңа мектеп пайдалануға беріліпті. Одан бөлек, аудан үшін тағы бір өзекті мәселе - жол сапасы. Биыл Шұбарқұдық кентінде 27 пәтерлі тұрғын үй мен Шұбарши ауылында екі пәтерлі үш үй пайдалануға берілген. Әлеуметтік осал топтағы адамдарға биыл 61 тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Аудан бойынша 438 адам баспана кезегінде тұр. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 200 миллиардтан асып, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі - 22 миллиард теңгеден асады. Шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау барысында "Ауыл аманаты" бағдарламасы жүзеге асып, 106 миллион теңгеден астам 14 жоба қаржыландырыпты.Количество показов: 3
Дата создания: 13.11.2026 07:12:06




















