"Үлгілі жүргізуші - 2026" республикалық акциясы өтті
"Үлгілі жүргізуші-2026" акциясы барысында полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын еске салды. №30 қазақ орта мектебінің жас жол инспекторлары шараға белсенді қатысты. Заң өкілдері жол ережесін сақтаудың маңызын атап өтті. Акция аясында жыл басынан бері бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған 10-нан астам жүргізуші марапатталды. Темір тұлпар иелері жол-көлік ережелерін қатаң сақтаған ұқыпты жүргізушілер. Оларға Ақтөбе облысы Полиция департаменті басшылығы атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар жол қозғалысы мәдениетін қалыптастырып, жүргізушілердің қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін айтады. Заң қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға шақырды.Количество показов: 8
Дата создания: 12.11.2026 07:29:15




















