Әлеуметтік сала қызметкерлерінің күніне орай үздіктер марапатталды
Әлеуметтік сала қызметкерлері көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосып келеді. Қалалық мәдениет үйінде өткен мерекелік жиында қала әкімі сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар олардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, арнайы төсбелгілермен марапаттады. Әлеуметтік салада еңбек етіп, тұрғындарға кәсіби бағдар беріп жүрген мамандардың бірі- Жомарт Болысбайұлы. Ол бүгінде Мансап орталығында жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі- 3 жыл 11 ай. Кәсіби мерекеге орай өткен салтанатты жиында, жас маман да еңбегі үшін марапатқа ие болды. Ақтөбе қаласының әлеуметтік қорғау жүйесінде 350-ден астам маман еңбек етеді. Оның 116-сы әлеуметтік қызметкер. Олар жалғызбасты қарттарға, I-II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетеді. Марапатқа ие болғандар қатарында салада ондаған жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандар бар. Олардың еңбегі әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуына қосылған маңызды үлес дейді ұйымдастырушылар.Количество показов: 11
Дата создания: 31.10.2026 08:15:10



















