Қалада кәсіби аспаздар мен болашақ мамандар бас қосты
Кәсіби шеберлік пен ерекше дәм үйлесімі ас үйдегі бәсекеге жалғасты. Қалада Chef Battle Aktobe 2026 аспаздық турнирі өтті. Биылғы сайыста тәжірибелі аспаздар мен болашақ мамандар бір командада өнер көрсетіп, үздік атануға таласты. Биылғы турнирге 7 кәсіби аспаз және 7 колледж студенті қатысуда. Олар «аспаз және студент» қағидаты бойынша жұптасып, екі кезеңде өзара бақ сынайды. Жарысқа қатысатын студенттер бір ай бойы тәлімгерлерінің жетекшілігімен тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдыларын шыңдаған. Қатысушылар ұлттық өнімдерді заманауи ас мәзірімен үйлестіруге тырысқан. Мәселен, бір команда үйрек етінен ерекше тағам әзірлесе, енді бірі сиыр етінен стейк дайындап, оны асшаян және жергілікті тарыдан жасалған соуспен толықтырған. Осылайша, өңірде өсетін ұлттық өнімді заманауи гастрономияда тиімді қолданудың үлгісін көрсетті. Байқауға қала мен облыстағы бес колледждің студенттері қатысып жатыр. Атап айтқанда, Ақтөбе сервис колледжі, техникалық, технологиялық, Жайсан көпсалалы, Ш. Берсиев атындағы аграрлық-техникалық және Бадамша агротехникалық колледждерінің білім алушылары бар. Қатысушылардың жұмысын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. Жобаның басты мақсаты - дарынды жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және аспаздардың кәсіби дамуына мүмкіндік жасау болды. Сонымен қатар, қаладағы гастрономиялық мәдениетті дамытуға басымдық берілді.Количество показов: 10
Дата создания: 03.11.2026 09:13:30



















