Биыл қаладағы №3 мектептің құрылғанына 55 жыл
Білім ордасына 55 жыл. Биыл қаладағы №3 мектептің құрылғанына жарты ғасырдан астам уақыт болған. Байырғы мектептің тарихы мыңдаған шәкірттің естен кетпес балалық шағындағы естеліктеріне толы. Осы уақыт ішінде білім ордасынан талай буын түлеп ұшқан. Ақтөбе футбол клубы сапындағы Юрий Логвиненко, Дидар Жалмұқан, Виталий Латурнус. Одан бөлек, түлектер арасында өзі білім алған мектепке ұстаз болып оралғандары жетерлік. Білім ордасы жаңа белестерді бағындыруға ұмтылып отыр. Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеудегі нәтижелері көңіл қуантады. Ұстаздар үшін әр шәкірттің жетістігі- ортақ еңбектің жемісі. Ал 2013 жылға дейін 10 жылға жуық жыл мектеп басшысы болған Дина Халетова алда әлі талай асу бар екенін айтады. Білім ордасының тағы бір ерекшелігі - мұнда бір кездері оқушы болған жастардың кейін ұстаз ретінде қайта оралуы. Олар өздері білім алған ортада еңбек етіп, кейінгі буынға бағыт-бағдар беріп жүр. Ал аталған білім ордасында зейнетке шыққан мұғалімдер де бар. Солардың бірі - Әсем Бекішева. Ұлағатты ұстаз 2002 жылдан бастап шәкірт тәрбиелеп, зейнетке шыққанға дейін физика пәнінен сабақ берген. Шәкірттерімен әлі де байланысын үзбеген. Немерелері осы мектепте білім алып жүр. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде талай буынның балалық шағы мен жастық кезеңі өткен бұл мектептің тарихы әлі жалғасып жатыр. Кеше осы парталарда отырған оқушылар бүгінде ұстаз болып оралып, енді бірі немересін жетектеп келіп жүр. Демек, білім ордасының ең үлкен жетістігі - ұрпақтар сабақтастығы.Количество показов: 11
Дата создания: 31.10.2026 08:12:50



















