Қалада мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды
Облыстық мәслихатқа 17 округ бойынша 51 кандидат тіркелген. Ал қалалық мәслихаттың 30 округіне 90 үміткер ұсынылды. Аудандық мәслихаттардағы 139 округ бойынша 420 кандидат тіркеуден өткен. Екі кандидат тіркелгеннен кейін өз кандидатурасын қайтарып алған. Ал партиялық тізім бойынша облыстық мәслихатқа бес саяси партия өз кандидаттарын ұсынды. Олардың қатарында «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», «Байтақ» және Қазақстанның халық партиясы бар. Партиялық тізімге жалпы саны 53 адам енгізілген. Тізімдердегі әйелдер мен жастардың үлесіне қатысты талаптар сақталған. Кандидаттарды тіркеу кеше сағат 18:00-де аяқталды. Сол сәттен бастап үгіт-насихат жұмыстары басталды. Ол 28 қараша күні түнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 28 қараша — тыныштық күні, ал 29 қараша — дауыс беру күні. Сайлауалды үгіт кезеңінде кандидаттар мен саяси партиялар қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауы тиіс. Осыған байланысты облыстық аумақтық сайлау комиссиясы үміткерлер мен олардың өкілдеріне арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. Жиында үгіт-насихатты ұйымдастыру тәртібі, заңмен тыйым салынған әрекеттер және науқанға жұмсалатын қаржы мәселелері түсіндіріледі. Сайлау науқанының келесі кезеңінде кандидаттар өз бағдарламаларын таныстырып, сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Ал сайлау күні тұрғындар өз таңдауын жасап, мәслихат депутаттарын анықтайды.Количество показов: 9
Дата создания: 03.11.2026 09:11:41



















