Шығыс пен Батыс: өзара құрмет аумағы
Бүгінде әлеуметтік желілер ақпарат алмасатын алаң ғана емес, қоғамдық пікір қалыптасатын кеңістікке айналды. Алайда оның мүмкіндігін теріс мақсатта пайдаланатындар да аз емес. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату, арандатушы пікірлер жазу және ұлтаралық араздықты қоздыру әрекеттері көрініс тауып жатады. Бір адамға айтылған сөз бен сын немесе жағымсыз пікірлер жаппай халыққа, түгел этносқа да тиіп кетуі ықтимал. Нәтижесінде ұлтаралық келіспеушіліктер туындап, мәдениетаралық дауға жетуі ықтимал. Бүгін қалада осы мәселе арнайы семинарда талқыланды. "Өзара құрмет аумағы: шығыс пен батыс" әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған семинардың негізгі мақсаты да - осындай қауіптердің алдын алу, дейді саясаттанушы. Ол азаматтарды желідегі әр ақпаратқа сыни көзбен қарауға шақырады. Кездесуде әлеуметтік желідегі арандатушылық әрекеттерді тану, күмәнді ақпаратты ажырату және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Әсіресе жастардың ақпараттық сауаттылығына басымдық берілді. Мамандардың айтуынша, ұлтаралық араздықты қоздыру заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл ретте ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабында тиісті жаза қарастырылған. Мұндай түсіндіру семинарлары еліміздің бірнеше өңірінде ұйымдастырылып жатыр. Өңірімізден бөлек, Семей, Орал, Атырау және Ақтау қалаларында да кездесулер өтуде.Количество показов: 5
Дата создания: 11.11.2026 07:42:57



















