Шаһарда қысқы дөңгелек ауыстыру жұмыстары қыза түсті
Қарашаның алғашқы суығынан бастап қаладағы дөңгелек орталықтарында жұмыс қарбалас. Техникалық тексеріс бекеттерінде әжептеуір кезек орнаған. Ұқыпты жүргізушілер алғашқы қар жаумай-ақ, жазғы дөңгелегін, тікенекті қыс айларына арналған түріне ауыстыруды жөн көріпті. Қаланың сату орталықтарында Еуропа, Жапония, Ресей, Корея және Қытайда өндірілген түрлері жеткілікті. Ақтөбеліктер көбіне Қытай мен Корея өнімдерін таңдайды. Бір дөңгелектің бағасы 18 мың теңгеден басталады. Ал Michelin брендінің кейбір үлгілері 200 мың теңгеге дейін жетеді. Қысқы дөңгелекке уақытылы ауысу жол қауіпсіздігінің маңызды талабы. Ақмола облысында кешелі бері жазғы доғалақпен жүрген 744-тен астам көлікті республикалық тасжолдарға жібермей, кері қайтарған. Өңірде дөңгелек ауыстыру қызметі 8 мың теңгеден басталады. Сатушылар биыл баға өткен жылмен салыстырғанда өзгермегенін айтады. 9 қарашада Ақтөбе облысын қоса алғанда, еліміздің бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр мен қалың қар жаууы мүмкін. Салдарынан көктайғақ болып, көріну қашықтығы төмендейді. Сондықтан жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы қашықтықты сақтау ұсынылады.Количество показов: 2
Дата создания: 10.11.2026 01:49:57



















