Облыста 208 мыңнан астам жас бар
Қоғамның қозғаушы күші саналатын жастар - ел дамуының маңызды бөлігі. Жастардың әлеуетін арттыру және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау- мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Қазір облыста 208 мың жас бар. Олардың бастамаларын қолдау мақсатында түрлі жобалар қолға алынған. Солардың бірі - жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы, қайтарымсыз гранттар беру. Жастардың өз ісін бастауына да мүмкіндік бар. Жыл сайын 20 жасқа қайтарымсыз грант беріледі. Әрқайсысының көлемі - 1 миллион 300 мың теңге. Қаржы жастардың тың идеялары мен әлеуметтік, шығармашылық және кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған. Бұдан бөлек, ауыл жастарын қолдауға арналған «Ауыл кем», «Ауыл Life» жобалары жүзеге асырылып келеді. Негізгі мақсат - жастарды ауылға тарту, олардың бастамаларын қолдау және елді мекендердің дамуына үлес қосу. Ал тұрғындар жастар туралы оң көзқарастарын білдіріп, олардың ақылы мен жаңашылдыққа бейім қасиеттеріне ерекше тоқталды. Жастар саясаты басқармасы жастардың білім алуына, еңбек етуіне және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.Количество показов: 5
Дата создания: 11.11.2026 07:40:56



















