Ақтөбелік келіншек қаладағы стомотологиялық жеке клиниканы сотқа берді
Қалада стоматологиялық қызметке қатысты дау сотта қаралды. Тісін емдеткеннен кейін денсаулығына зақым келгенін айтқан 38 жастағы Гүлжайнат Құлмұрзина емханадан өтемақы талап етіп отыр. Оның сөзінше, ақ халатты дәрігерлердің жіберген қателігі салдарынан беті күйіп, жүйке жүйесі зақымданған. Бүгін осы жағдайға байланысты сот процесі өтті. Зардап шеккен тұрғын клиника тарапынан келген шығынның өтелуін көздейді. Ол материалдық шығынмен қатар, моральдық өтемақы да талап етіп отыр. Бұл жерде миллиондаған қаржы бар. Оған қоса, адамның денсаулығы басты назарда. Жәбірленуші дәрігерлер адам денсаулығына нұқсан келтіргені үшін жауапкерішілік алуға міндетті деп санайды. Оқиға биыл жазда мамыр айында болған. Тұрғын стоматологиялық емнен кейін жағдайы күрт нашарлап, бірнеше күн ауруханада ем қабылдаған. Тіпті ота жасатуға мәжбүр болған. Екі айдың ішінде бірнеше рет жедел жәрдем шақыртқан. Денсаулығына нұқсан келген. Жеке клиника ем алушымен мәмілеге келмеген соң, адвокат жалдауына тура келіпті. Заң өкілінің қызметі ақылы, өз қалтасынан төлеуіне тура келеді. Тісін емдетемін деп әуре-сарсаңға түскен келіншек даулы жағдайда сот арқылы әділдік іздейді.Количество показов: 12
Дата создания: 07.11.2026 07:44:24



















